14 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы  №231

428 рет
көрсетілді
33 мин
оқу үшін
2015 жылғы 19 наурыз, Астана қаласы Құрылыс-монтаждау жұмыстары құрамындағы жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) түрлерінің тізбесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-11) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Құрылыс-монтаждау жұмыстары құрамындағы жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) түрлерінің тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген соң күнтiзбелiк он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика жетекшілік вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Е.ДОСАЕВ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №231 бұйрығымен бекітілген Құрылыс-монтаждау жұмыстары құрамындағы жұмыс түрлерінің (қызметінің) тізімі 1. Топырақтағы арнайы жұмыстар, оның ішінде: 1) негіздер құрылымы, оның ішінде: топырақты өңдеу, тік жоспарлау, шұңқырларды қолмен қазу жөніндегі жұмыстар: шұңқырларда, қазаншұңқырларда, траншеяларда, топырақ және трассаға жақын қорлардағы үйінділерде немесе үймелерде экскаваторлармен топырақты өңдеу; темір жол немесе автомобиль көлігіне тиеу және шығару арқылы экскаваторлармен топырақты өңдеу; топырақты механикаландырылған тәсілмен және қолмен өңдеу және тасу; шұңқырларды механикаландырылған тәсілмен қазу; топырақты өңдеу, тік жоспарлау, қайта төгу кезіндегі өзге де жұмыстар; үймелерді орнату және қайта төгу жөніндегі жұмыстар: топырақты қайта төгу, оның ішінде қолмен, электрмен және пневмотығыздағыштармен нығыздай отырып төгу; гидроқұрылыстардың әсері кезінде топырақты өңдеу және тасу; үймелерді орнату және қайта төгу жөніндегі өзге де жұмыстар; бекіту жұмыстары: тіреулер орната отырып еңісті таспен және тақталармен төсеу; су бұру арналарын лотоктармен-науалармен, тақтайлармен, қалқандармен және төсенішпен бастиек орнатып бекіту; 2) қадалық негіздерді, шпунтты қоршауларды, анкерлерді орнату жөніндегі жұмыстар: темірбетон қадаларды батыру; темірбетон шпунттарады жағалау айлақтық жағажайларға батыру; мәңгілік тоңды топырақтарда болат қадаларды батыру; болат және шпунтты қадаларды батыру және шығару; ағаш және ағаш-металл қадаларды шпунтталған қатар орналастырып батыру; ұңғымаларды бұрғылау және қуыс қадаларды бетонмен толтырып бұрғылау-тығыздау қадаларын орнату; шпунтталған ағаш маңдайшаларды бөлшектеу құрылымы; шпунттарды қағу үшін бағыттауыш рамалар және су асты тартпалар орнату; қада құрылымы; қадалық негіздердің, шпунттық қоршаулардың, анкерлердің құрылымы бойынша өзге де жұмыстар; топырақтардың табиғи ростверк және іргетас тақтасының құрылымы; табиғи жатысты топырақты тығыздау және топырақ тұғырығы құрылымы бойынша жұмыстар; механикаландырылған тәсілмен таптап суаратын учаскенің аумағын тегістеу; ауыр нығыздағыштармен топырақты тығыздау; таптауыш және топырақты нығыздағыш машинамен топырақты тығыздау; топырақты жеңіл таптауыштар арқылы қолмен тығыздау; төмен түсіру құдықтары мен кессондарды тұрғызу жөніндегі жұмыстар: топырақты механикаландырылған өңдеу арқылы құдықты түсіру; құдықты қолмен түсіру; төмен түсіру құдықтары мен кессондарды тұрғызу бойынша өзге де жұмыстар; топырақты орнықтыру жұмыстары: термиялық топырақтарды нығайту; инъекторларды қағып топырақтық негіздерді цементтеу; топырақтың силикаттау және шайырландыру; топырақты орнықтыру бойынша өзге де жұмыстар; 3) суды төмендету, бетті қабаттағы сарқынды суларды және су бұруды ұйымдастыру жұмыстары: су бұру және дренаждық арықтар құрылымы; сулы топырақта жұмыс істеген кезде траншеялардың және қазаншұңқырлардың су төгу құрылымы; жабық дренаж құрылымы; ине сүзгілерді батыру мен шығару және сүзгі материалдармен жабу; сіңіру коллекторларын құрастыру және бөлшектеу; тастан және таулы жыныстан конструкцияларды тұрғызу; механизмдерді қолдана отырып, құммен немесе қожбен қайта төсеу; төсемдік қабаттар мен негіздер құрылымы; құрғату қабаттары және қиыршықтастан (көмірден) жасалған сүзгілердің құрылымы; малтатастан және құмнан жасалған дренаждық сүзгілердің құрылымы; кеуекті қыш пластиналардан аэраттарды төсеу; суағар арнасында қорғаныс бөгеттерінің құрылымы; суды төмендету, бетті қабаттағы сарқынды суларды және су бұруды ұйымдастыру бойынша басқа да жұмыстар; 4) су асты техникалық жұмыстар және теңіз қайраңындағы жұмыстар: гидромониторлық және жүзетін жер снарядтармен топырақты өңдеу және тасымалдау; жүзетін құралдарға немесе үйіндіге шығару арқылы механикаландырылған тәсілмен топырақты су астында өңдеу және қопсыту; опыру балғасымен және сүңгуірлермен топырақты су астында қопсыту; басқа да гидромеханикалық және түптереңдеткіш жұмыстар; сүңгуірмен су астындағы көлбеу төсемді тегістеу және діріл арқылы тығыздау; су астында тасты ауыстыру, тасты және қиыршықтасты судан алу; темір және темірбетон басының қабын су астына түсіру; темірбетон зәкірлерінде арқандап байлап бекітілген бөшкелерді акваторияда орналастыру; басқа да су асты (сүңгуір) жұмыстары; 5) жару жұмыстары: жартасты топырақты жару, қойтастарды және габаритті емес кесектерді уату; шығару және тастау үшін топырақтарды жаппай жару; құрылыстарды қорғау үшін жарылыс алаңын жабу; жарылыстар арқылы су астындағы топырақты тығыздау; өзге де жару жұмыстары; 6) ұңғыма конструкцияларының құрылымы жөніндегі жұмыстар: ұңғыма құрылымы жөніндегі жұмыстар; мұнай және газ ұңғымаларының салу және монтаждау; мұнай және газ ұңғымаларының өнімділігіне сынақ өткізу арқылы оларды бұрғылау; сүзгілік шегендік немесе мұздату құбырларын және құрылғыларын орнату; су көтергіш құбырлардың бағанасына сүзгі орнату; құбырлық кеңістікті және тоспа асты тығынын цементтеу; ұңғыманы құбырлармен бекіту; құдықты темірбетон сақиналарымен бекіту; сүзгінің басының құрылымы және суды сорып шығару; ұңғыманың жабдықтарын тасымалдау; түсіргіш ұңғымаларды бұрғылау; ұңғыма конструкцияларының құрылымы бойынша басқа да жұмыстар. 2. Қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды бұзумен, уақытша инженерлік жүйелерді, жолдарды, қойма алаңдарын, сондай-ақ аумақты тік жоспарлауға байланысты дайындық жұмыстары 1) құрылыс алаңындағы дайындық жұмыстары: уақытша ғимараттардың инженерлік желілерінің және жүйелерінің құрылымы; уақытша қорғаныс қоршауларының құрылымы; кран асты жолдарының құрылымы; рельс жолдарының құрылымы; басқа уақытша құрылыстардың құрылымы; құрылыс алаңындағы жабынның құрылымы; көпір құрылыстарын салу кезіндегі монтаждау алаңының (бірге жүргізілетін жұмыстарымен) құрылымы; құрылыс алаңдарына уақытша жолдар мен кіреберіс құрылымы; транзиттік көліктерге уақытша кіреберіс жолдардың құрылымы; құрылыс алаңындағы өзге де дайындық жұмыстары; 2) құрылысты бұзужәне конструкцияларды бөлшектеу жұмыстары: қабырғаларды, массивтерді, аражабындарды уату, ұяшықтар тесу; өндірістік ғимараттардың жер үсті бөлігін бөлшектеу; темірбетон баспалдақ марштарын, алаңдар мен сатыларды бөлшектеу; терезе, есік және қақпа ойықтарының, аралқабырға мен аспалы төбелерді бөлшектеу; жаяусоқпақтарды, едендерді, шатырлық жабындар мен қаптамаларды бөлшектеу; өнеркәсіптік пештерді бөлшектеу; шойын тюбингісінен жасалған тоннельдердің қаптауларын бөлшектеу; темір колонналарды, арқалықтарды және рамаларды бөлшектеу; байланыс желілерінің тіреуін бөлшектеу; басқа жүйелер мен құрылыстарды бөлшектеу және қайта монтаждау; құрылғыларды бұзу және конструкцияларды бөлшектеу бойынша өзге де жұмыстар; құрылыс алаңын ағаштардан, ағаш діңдерінен тазалау, бұталарды кесу, тастарды және қойтастарды жинау, бетті қабаттағы суларды бұру және кептіру. 3. Ғимараттар мен құрылыстардың тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын (оның ішінде көпірлерді, көліктік эстакадаларды, тоннельдер мен метрополитендерді, жол өтпелерін, құбыр жолдарды, өзге де жасанды құрылыстарды) салу 1) монолитті, сондай-ақ жинамалы бетон және темірбетон конструкцияларды монтаждау, қабырғалар мен арақабырғалардың жеке элементтерін қалау және ойықтарды толтыру: монолитті конструкциялардың құрылымы; металл торлы қалыптар орнату; қалқанды қалыптарды бөлшектеу және орнату; ағаш төсеніштерді, пирстерді және қалыптарды бөлшектеу және орнату; монолитті темірбетон конструкциялардың арматураларын орнату; гидротехникалық құрылыстарда төменгі белдеулерін бетондап шегенделген торларды, шегенделген каркастарды, шегенделген фермаларды, арматуралық конструкцияларды орнату; анкерлік болттарды және қалағыш тетіктерді орнату; негіздердің және төсеніш қабатының құрылымы; кесектасты бетонды және бетонды іргетастардың құрылымы; бетонды колонна және тіреу бағандары құрылымы; бетонды қабырғалардың және арақабырғалардың құрылымы; бекітпелердің, ұңғымалар мен оқпандар тығындарының құрылымы; бетонды су астында төсеу; жабдықтардың астындағы іргетастар құю; қабырғаларды және өндірім жабындарын торкрет-бетонмен бекіту және каркас бекітпелерінің жабындары түйіскен жерін бітеу; бетондар және ерітінділер дайындау; темірбетон іргетастардың, тіреуіштердің, тіреуіш қабырғалардың, тағандық тіректің құрылымы; монолитті арналардың, тоннельдердің, лотоктардың, түптердің, галереялардың құрылымы; түсіру құдығының, қойылтқыштардың, ванналардың, бассейндердің, су құбыры мен кәріздің сыйымдылық құрылыстары конструкцияларының құрылымы; арканы қалау үшін күмбездер мен қалыптар, өнеркәсіптік пештердің жабындарын және қабырғаларын орнату; тоннелдердің діңгегін темірбетонмен салып бітірудің, шахталар түбінің, гидрооқшаулағыш құрсаманың құрылымы; сыртқы және ішкі темірбетон қабырғалардың құрылымы; темірбетон колоналарды тұрғызу; темірбетон қабырғаларды, арақабырғаларды, желдету арналарын тұрғызу; темірбетон арқалықтарды, белдеулерді, маңдайшаларды, төбелерді және жабындарды, көлбеу-сырғымалы қалыптардағы конструкцияларды тұрғызу; бетондық қоспаларды гидротехникалық құрылыстардың темірбетон конструкцияларының блоктарына төсеу; құрылыс конструкцияларын темірбетонмен бекітумен, құрсамамен және набетонкамен нығайту; темірбетон жабындарын нығайту және ауыстыру; басқа бетон және темірбетон жұмыстарының құрылымы; өзге де пластикбетон, темірбетон және темір емес арматураларды қолдану арқылы бетон жұмыстары; ғимараттың сыртқы және ішкі қабырғаларының блоктарын орнату; бетон траптарды (сатыларды) орнату; жағалауды бетондық алаптармен бекіту; бетондық алаптарды тасымалдау арқылы дайындау және орнату; бетон блоктар және тастардан тұрақты бекітпелердің құрылымы; бетон блоктарынан тіреу қабырғалардың, бастиектің, тағандық тіректің құрылымы; басқа темірбетон және бетон конструкцияларын монтаждау; бағана, рама, тіректердің астына темірбетон іргетасын орнату; темірбетон бағаналарын, капителдерді, рамаларды, тіреулерді және штангаларды орнату; маңдайшаны орнату; итарқа арқалықтарын және фермаларды орнату; сыртқы және ішкі қабырғалардың қабырғалық панельдерін орнату; тұрғын үйлердің көлемді блоктарын орнату; лоджиялардың, балкондардың, маңдайшалардың, ернеулік тақталарды, сантехникалық табандықтарды орнату; ұсақ темірбетон конструкцияларын (жиекқабырғаларды, су жинағыштарды, терезеалдыларын) орнату; баспалдақ марштарын және алаңдарын орнату; литфт шахталарын және қойманың көлемді элементтерін орнату; арақабырға панельдерін, экрандарын, бөлетін қабырғаларын, қатаңдық диафрагмасын, желдеткіш блоктарды орнату; арканы қалау үшін күмбез қалыптарын, өнеркәсіптік пештердің жабындарын және қабырғаларын орнату; сыртқы және ішкі ағаш керек-жарақтарды орнату және бұзу; маңдайшалар орнату; армопанельді тақталардан, балласт және ойық конструкциялардан жасалған блоктар орнату; түсіру құдықтарының, серуендеу ауласының, сүрлеулердің, диірмендердің, бункерлердің қабырғалар панелдерін орнату; желілік құрылыстарды салған кезде қабырға панельдерін орнату; баспалдақтарың, көпірлердің, құбырлардың, платформалардың, желілік құрылыстардың аражабын және жабын тақталарын орнату; жүзетін құралдардан жинамалы темірбетон алаңдарын, ригельдерді, консольдерді, аралық құрылымдарды орнату; стандық және қалыптық тақталарды, қабықшаларды, жиекқабырғаларды, жағалау айлақтарын және пирстерді орнату; ауыл шаруашылығы ғимараттарда арналар және науалар орнату кезінде тіреулер, лотоктар, қораптар, блоктар орнату; көпірлер, ЭБЖ құбырларын және гидротехникалық құрылыстарды тұрғызу кезінде іргетастардың, тіреу қабырғалардың, бастиектердің, жатық тіреулердің конструкцияларын орнату; жағадан жинамалы темірбетон конструкцияларынан жасалған аралық көпір құрылымдарын орнату; жинамалы темірбетон конструкцияларынан жасалған ашық тәсілмен тоннельдер құрылымы; жинамалы темірбетон тюбингтерерінен, панельдерден және блоктардан жасалған діңгекті және тоннельді қаптамалар құрылымы; кіру алаңдары бар баспалдақтар және кіреберістер құрылымы; арқалықтар және ригельдер құрылымы; бір қабатты және көп қабатты ғимараттардың панельдерін, қабықшаларын және аражабын тақталарын мен жабындарды төсеу; үйінді астыларына су өткізгіш темірбетон құбырларын және коммуникациялық коллекторларды төсеу; косоурларға немесе тегіс негізге сатылар төсеу және ауыстыру; трамвай жолдарын теміржол тақталармен төсеу және жабу; бағаналарды, тіректерді, мачталарды, арқалықтар мен ригелдерді, ашық және жабық тарату құрылғыларын монтаждау; тіреу білеулерімен темірбетон тақталардың түптерін және еңістерін бекіту; іргетастарды, жертөле қабырғаларын, тіреуіш қабырғаларды қалау, кесек тастардан өндірілген заттарды толтыру; қабырғаларды қыш тастармен қалау; қаптама кірпішпен әктас өнімдерінен конструкцияларды қалау; арналарды, шұңқырдың жанындағы жерлерді, пештерді, ошақтарды, түтін мұржасын бөлшектерімен кірпіштік қалау; оқпандарды, жабындарды, күркелерді, портиктер және басқа кәдімгі кірпіштерден конструкцияларды кірпіштік қалау; қыш кірпішпен қаптау арқылы кәдімгі балшық және силикат кірпіштерінен қабырғаларды кірпіштік қалау; қабырғаларды кірпіштік қалау, қыш тақталармен қаптау; кірпіштерден және қыш тастардан жасалған арақабырғалардың құрылымы; туфтан және диабазалық блоктардан жасалған конструкцияларды тұрғызу; жеке гипстен және жеңіл бетон тақталардан жасалған арақабырғалардың құрылымы; басқа тас конструкцияларының құрылымы; тас конструкцияларының құрылымы бойынша өзге де жұмыстар; 2) мұнаралық, мачталық үлгідегі, сүрлем құрылыстар, түтін құбырлары, градирнялар, мұнаралар, шахта үстілік копрлер конструкцияларының құрылымы; 3) көпір және көпір өткелдерінің негізгі тіреу конструкцияларының құрылымы; 4) гидротехникалық және сел тасқынынан қорғану құрылыстары, бөгеттер, дамбалар: жағалауды тетраподтармен және массивтермен бекіту; жолдарды және жолдың жиектерін жинамалы темірбетон тақталармен жабу; қабылдағыш клапаны бар диаметрі 400 мм асбестцементті құбырлардан қоқыс құбырларын орнату; жинамалы темірбетон және бетон конструкцияларын және өзге де металл емес конструкцияларын монтаждау жөніндегі басқа жұмыстар; 5 ) металл конструкцияларын монтаждау бойынша жұмыстар: ғимараттар мен құрылыстар каркастарының конструкцияларын монтаждау; өзі өндірмейтін металл конструкцияларын монтаждау; градирендер, резервуарлар, желдету және түтін құбырлары, кокс-химиялық цехтар, құбыр жолдар, галереялар конструкцияларын монтаждау; кептіргіштер, қаптамалар, экрандар, камералар, пеш түптері, арқалықтар, каркастар, рамалар, оттықтар конструкцияларын және басқа пештер, құбырлар, кептірмелер, электролизерлер конструкцияларын монтаждау; үш қабатты алюминий панельдерінен жасалған толық жинамалы конструкцияларды монтаждау; радиожелілік желілер және термокамераларға арналған кабиналар конструкцияларын монтаждау; аспалы және кран асты жолдарының конструкцияларын монтаждау; жеңіл түтікті құбырлар конструкцияларын, жабындарын монтаждау; қақпалар, баспалдақтар, алаңдар, есіктер, люктер, қуыстар конструкцияларын монтаждау; ашық, таратушы құрылғылар прожекторлық мачталар, антенналық жүйелер, тіректері бар толқынарналық көпірлерді монтаждау; терезелер, витраждар, арақабырғалар (алюминий, болат және басқа қорытпаларынан жасалған) блоктарын монтаждау; ғимараттарды блокбокстардан тұрғызу; жинау және жылжыту арқылы болат конструкцияларынан аралық құрылыстар тұрғызу; арқандап байлау тумбасын орнату; баспалдақтың металл қоршауларын орнату; жапқыштарды, торларды, қақпаларды, құбыржолдарды, көпірлерді, айлақтық құрылғыларды және гидротехникалық конструкциялардың басқа металл конструкцияларын орнату; болат бекіту бұйымдары мен таптауыш тіректерді орнату; шойын тюбингтермен бекітілетін, діңгектердегі кейль-кранцтер мен тіреу сақиналарын орнату; аспалы төбелер және дыбысоқшаулағыш қабырғалардың құрылымы; шахталық діңгектер мен тоннельдерде тұрақты және уақытша металл бекітпелерінің құрылымы және оларды әзірлеу; астыртын арналарға арналған бұдырланған болаттан төседер; аспалы төбелерді қаптау және градирендерді алюминий қорытпаларынан жасалған табақтармен қаптау; қабырғаларды және төбе жабындарын профильдік темірмен немесе зауытта дайындалған панельдермен қаптау; құрылыс конструкцияларын құрылыс құрсамаларымен, болттармен, сақиналармен бекіту; шойын тюбингтерін ұзарту және белгі орнату сақиналарын орнату; метал конструкцияларын монтаждау бойынша басқа жұмыстар; 6) тау-кен ұңғылау жұмыстары: шахталық діңгектер, шурфтар, қазбаларды ұңғылау; тиксотроптық сауыттағы шахталық діңгектерді ұңғылау; тоннельдік жұмыстар; сүзгілеуге қарсы қалқандардың құрылымы; тұрақты және уақытша қиылысу құрылғылары бар тоннельдерді, фурнельдерді, камераларды, штольняларды ұңғылау; қима пештерін, қима қазбаларын, қазаншұңқырларды, камераларды ұңғылау және көлденең және көлбеу мен өндірілген заттарды кеңейту; шахталық діңгектерді, штолендерді, тоннельдерді ұңғылау кезінде топырақты қабылдау және түсіру; ұңғылау қалқандарын кенжарға кіргізу және шығару; шахталардың діңгектерін және тоннельдерін инвентарлық штангалармен және кернегішпен бекіту құрылымы; тақтатас және су тасаларының құрылымы; уақытша бекітпелердің құрылымы және бекіту аркаларын орнату; шахталық діңгектерді армирлеу құрылымы және бұзу; ағаш бекітпе рамаларды, атпаларды, байланыстарды, қаптамаларды орнату және бұзу; қабырғалар мен төбе жабындарын, қазаншұңқырларды, өндірілген заттарды, баспалдақ бөлімдерін тақтайлармен, бөренелермен және кеніш тіреулермен бекіту және қаптау; өзге де тау-кен ұңғылау жұмыстары; 7) ағаш конструкцияларын монтаждау жұмыстары: ағаш конструкцияларын, каркастарын, итарқалар, орындықтар орнату; қақпалар және қоршаулар орнату; есіктер мен терезелерді монтаждау; қақпалар орнату; арқалықтарды, аркаларды, фермаларды және панельдерді орнату; маңдайшалар, люфт-клозеттерді, өрт жәшіктерін, үстелдер орнату; бөрене шегендерді орнату, стапельдердің құрылымы және әзірлеу; өткізгіштер, баспалдақ траптарын, жүру тақталарын, кедергілерді орнату; көпірлердің, эстакадаалардың, доңғалақ өткізгіштердің, гидротехникалық құрылыстардың ағаш конструкцияларын тұрғызу; ағаш конструкцияларынан және бөлшектерінен қабырғалардың құрылымы; ағаш көпір жаймасының құрылымы; жабындар мен төбелерді жинау; басқа ағаш конструкцияларын монтаждау; ағаштан жасалған конструкциялар мен бұйымдарды монтаждау бойынша өзге де жұмыстар; 8) жеңіл қоршау конструкцияларын монтаждау бойынша жұмыстар: қабырғалар мен жабындардың арболит және асбестцемент тақталары мен панельдерін орнату; дайын каркас бойынша асбестцемент табақтардан жасалған қабырғалардың, аражабындардың, арақабырғалардың және шатырлардың құрылымы; асбестцемент тақталардан жасалған суаратын блоктарды монтаждау; жеңіл қоршау конструкцияларын монтаждау бойынша өзге де жұмыстар; 9) үй-жайларды экрандау және деформациялық жіктердің құрылымы бойынша жұмыстар: едендерді, қабырғаларды, есіктерді, төбелерді мыс немесе болат табақтармен және дайындалған торлармен экрандау; қабырғалар және төбежабын өнімдерін дайындалған болат табақтармен қаптау; болат қорғаныс торларын орнату; қабырғаларды, төбелерді және есіктерді киіз бойынша асбесті төсеу арқылы жабындық болатпен қаптау; панельдердің, терезелердің, есіктердің және дайындалған басқа конструкциялардың арасындағы көлденең және тік түйіскен жерлерді және жіктерді герметизациялау; колонналар мен жүгіртпелердің арасындағы тюбингтерден және жіктерден салып бітіру жіктерін ұрып өңдеу; үй-жайларды экрандау; деформациялық және сейсмикаға қарсы жіктердің құрылымы; үй-жайларды экрандау және деформациялық жіктердің құрылымы бойынша өзге де жұмыстар; 10) өнеркәсіптік пештер және түтін құбырлары құрылымы және шегендеу бойынша жұмыстар: арканы қалау үшін күмбез айналдырғыштарын және қалыптарын, өнеркәсіптік пештердің жабындарын мен қабырғаларын орнату; өнеркәсіптік құбырларды қалау және шегендеу; сыртқы бөлікті ыстыққа және отқа төзімді бетонмен, тақталармен, отқа төзімді массамен қалау; өнеркәсіптік темірбетон құбырларды қышқылға төзімді кірпішпен шегендеу; пештерді және құбырларды отқа төзімді бұйымдармен және кірпішпен қалау, қаптау және шегендеу; саптаманы қалау, пеш түптерін көмір массасымен толтыру, анодтық және оттық блоктар орнату; өнеркәсіптік пештердің және түтін құбырлары құрылымы және шегендеу бойынша өзге де жұмыстар; 11) шатыр құрылымы бойынша жұмыстар: асбестсцемент шатырдың құрылымы; торлы қоршау орната отырып жабынқыштан жасалған шатырлардың құрылымы; орамдық шатырлардың құрылымы; шыны торларды және шыны кенепті төсей отырып битумды мастикадан жасалған шатырлардың құрылымы; ұсақ шатырлық жабындардың құрылымы және шатырлық темірден жасалған қасбеттерге салу; аспалы науашалардың және шатырлардың сүйеніш қоршауының құрылымы; негіздерді топырақтау және бу оқшаулағыш құрылымдары; шатыр құрылымы бойынша өзге де жұмыстар; 12) әрлеу жұмыстары: қаптау жұмыстары; еден жабындарының құрылымы; қасбеттерді және ғимараттың ішін сылақтау; қасбеттерді фактуралық әрлеу; тарту жақтауларының құрылымы; беттерді жабу; бояуға және жапсыруға жинамалы элементтердің және тақталардың беттерін әрлеу; каркас құрылымы; төбелердің құрылымы; жіктерді құрғақ сылақпен өңдеу; беттерді «шагрень» фактурасымен әрлеу; гипстық, цементтік ендік, дана бұйымдарды орнату; гипстық, цементтік, желімдік, сырлау жұмыстары; цементтік ендік бұйымдарды орнату; ғимараттың қасбеттерін және сыртқы беттерін бояу; үй-жайлардың сыртқы және ішкі беттерін бояу; үй-жайларды тығыздау; беттерді лакпен бояу және маталармен жапсыру; конструкцияларда штраба тесу және құрылымы; конструкцияларды кесу; сәндік жұмыстар; тұсқағаздармен жапсыру; қасбеттік жүйелердің құрылымы; беттерді сұйық тұсқағаздармен әрлеу; металл жақтауларына шыныпакеттерді орнату; беттерді төсеме жасаумен дайындау; өзге де әрлеу жұмыстары. 4. Конструкцияларды және жабдықтарды қорғау және әрлеу бойынша жұмыстар 1) құрылыс конструкцияларын гидрооқшаулау жұмыстары: тоннельдер мен шахталық оқпандарының жабындарындағы ерітіндіні басып тығыздау; цементтік тұтанстыру, торкеттеу, тегістеу және темірлеу құрылымы; сұйық шыныланған цементпен көлденең және жанама гидрооқшаулаудың құрылымы; жанама сылақпен гидрооқшаулау құрылымы; құйылған асфальтпен немесе мастикамен, шайырмен, лакпен сылақ гидрооқшаулаудың құрылымы; желімделетін гидрооқшаулаудың құрылымы; гидрорелин және полиэтилен қабыршағынан жасалған экранның тұтас перделерінің құрылымы; болат құбырларды битум-резеңке мастикамен оқшаулау құрылымы; болат құбырларды битум-полимерлік мастикамен оқшаулау құрылымы; гидротехникалық құрылыстардың жіктерін гидрорелинмен жабу және жапсыру; бетон және темірбетон құбырларын битумдық мастикамен бояу; құрылыс конструкцияларын гидрооқшаулау бойынша өзге де жұмыстар; 2) құрылыс конструкциялары мен жабдықтарын коррозияға қарсы қорғау бойынша жұмыстар: қышқылға төзімді кірпіштен, тастан, андезиттен қалау; едендердің бетін және беттерді қышқылға төзімді кірпішпен шегендеу; беттерді көмір және графитталған блоктармен шегендеу; беттерді қышқылға төзімді тақталармен шегендеу; құрылғылардың беттерін резеңкемен, пластикпен, герметикамен, орамдық материалдармен айналдыра қоршау және жапсыру; беттерді табақтық асбестпен жапсыру; беттерді цинкпен, алюминиймен, нихроммен және тоттанбайтын сыммен электр металдандыру; қиыршықтасты мастикамен сіңдіру; беттерді гидрофобизациялау және флюатирлеу; беттерді лактармен, сырмен, эмальдармен бояу; ағаш конструкцияларын оттан қорғау; шатыр және төсем астындағы торлы қоршауларды фермалар бойынша оттан қорғау; ғимараттың ағаш конструкцияларын зарарсыздандыру; құрылыс конструкциялары мен жабдықтарын коррозияға қарсы жабындармен өңдеу; құрылыс конструкциялары мен жабдықтарын коррозияға қарсы қорғау бойынша өзге де жұмыстар. 3) құрылыс конструкцияларын, құбыржолдарды және құрылғыларды жылумен қорғау бойынша жұмыстар: жабындарды монолитті кеуекті бетонмен жылылау; ыстық беттерді даналы және толық жинамалы жылуоқшаулау бұйымдарымен оқшаулау; ыстық беттерді орама материалдармен және жылуоқшаулағыш талшықты материалдармен толтыру арқылы оқшаулау; ыстық беттерді мастикалармен және асбестперлитпен шаңдату арқылы оқшаулау; қаланған пештерді, қазандардың және құбыржолдардың беттерін асбестпен оқшаулау; құрылыс конструкцияларының, инженерлік құрылыстардың, жабдықтардың және құбыржолдардың жылуоқшаулау құрылымы; құбыржолдардың оқшаулау беттерін асбестцементті қаптамалармен, шыныцементпен, шыныпластикпен, шынытекстолитпен жабу; құбыржолдардың оқшаулау беттерін табақты металмен немесе қатпарлы алюминий табақтармен жабу; құбыржолдардың оқшаулау беттерін жабу, оқшаулауды қабыршақтармен, маталармен, орама материалдармен орау және желімдеу; құрылыс конструкцияларын, құбыржолдарды және жабдықтарды жылумен қорғау бойынша өзге де жұмыстар. 5. Күрделі жөндеуді және реконструкциялауды қоса алғанда желілік құрылыстарды төсеу бойынша арнайы құрылыс және монтаждау жұмыстары, оның ішінде: қысыммен жұмыс істейтін немесе жарылыс, өртке қауіпті немесе басқа қауіпті (зиянды) сұйық немесе газ тәрізді заттарды сақтауға арналған болат резервуарлар (сыйымдылықтар); мұнай құбырларының, газқұбырларының кәсіптік және магистральдық желілері, сондай-ақ мұнай өнімдері құбырларының магистральдық жүйелері; кернеуі 35 кВ дейін және 110 кВ дейін және одан жоғары электр беретін магистральдық желілер; жалпыреспубликалық және халықаралық байланыс желілері және телекомуникациялар. 6. Күрделі жөндеуді және қайта құруды қосатын инженерлік желілердің және жүйелердің құрылымы 1) темір жолдың қозғалыс жолдарын электрмен жабдықтау, әуе көлігі кәсіпорындарын электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру желілері және сыртқы электрмен жарықтандыру құрылғылары, ішкі электрмен жарықтандыру және электрмен жылыту жүйелері: жиынтықты қосалқы станциялардың негізгі және тіреу конструкцияларының құрылымы; және байланыс желілерінің және өнеркәсіптік электр көлігінің болат тіреулерін орнату; электр беру желілерінің және байланыс желілерінің сымдарын асу; найзағайдан қорғау арқандарын асу; суасты траншеяларда кабельдер төсеу; ӘЖ тіреулерінде және тарату құрылғылары конструкцияларында айырғыштарды, разрядтаушыларды, ажыратқыштарды орнату; бақылау-өлшеу бағаналарын және катодтық станцияларды орнату; найзағайдан қорғаудың контурлық және сәулелік жерлендіру бөлшектерін орнату; шегендермен және темірбетон тақталармен бекіте отырып үйінділерде дабыл нүктелер орнатуға арналған алаңдардың құрылымы; ағаш тіреулерді және типтік жерлендіру контурларын жерлендіру құрылымы; электрмен жабдықтау құбырларын төсеу; тұрғын үйлердің пәтерлерінде электр сымдарын жүргізу; жертөлелерде, шатыр астында, баспалдақ алаңдарында тарту желілерін жүргізу; арқанға немесе қапсырмаға бекітілетін кабельдерді жүргізу; сымдарды ұзарту және жүргізу; кірме-тарату құрылғыларын орнату; қабаттарда қалқандары орната отырып дайын арналарда тіректер орнату; жарықтандыру қалқандарын орнату; электр плиталарын орнату; аралық, бұрыштық және анкерлік негіздердегі фидерлер бекітпесін ілу; ғимараттар тіреулерінде және шатырында жайтартқыш, кабель алаңын, сатылар, бақылау-үзілу пункттерін орнату; қысқаша тұйықталғыштар, айырғыштар, ажыратқыштар, разрядтауыштарды монтаждау; шаппа қосықыштарды, ажыратқыштарды, әуе автоматтарын, штепсель аппараттарын монтаждау; тарту және жарық беру қалқандарын, клеммді қораптарды және тармақтарды монтаждау; бір қатарлы және екі қатарлы қалқандарды монтаждау; шкафтарды, пульттарды, сөрелерді және кірме-тарату қондырғыларын монтаждау; іске қосқыш-реттегіш және бағыттағыш аппаратураларды монтаждау; аккумуляторлар, заряды бар сілтілі батареялар орнату; электрмен қыздыру аспаптарын орнату; электр аспаптарын орнату; оқшаулағыштарды орнату; жерлендіруді орнату; ішкі электр сымдарын жүргізу; 2) жоғары және орташа қысымды газбен жабдықтау, төмен қысымды тұрмыстық және өндірістік газбен жабдықтау желілері, ішкі газбен жабдықтау жүйесі: газбен жабдықтау құбырларын жүргізу; жапқыш арматуралар орнату; автоматтандыру жүйесінің бекіту және іріктеу қондырғыларын, өрт сөндіру қондырғысын, құрғақ жақпа жүйесі жабдықтарын орнату; сыйымдылықтарды көбіктендіргіштермен толтыру; қолданыстағы магистарльдарға құбырларды жалғау және кесу; 3) суық және ыстық сумен, жылумен жабдықтау, орталықтанған тұрмыстық, өндірістік және нөсерлік ағындардың кәріз желілері, ішкі су құбыры, жылыту және кәріз жүйелерінің құрылымы: су құбыры кәріз және су ағызатын құдықтар құрылымы; су құбыры құдықтары, бастары, су жинағыш бәсеңдеткіштер құрылымы; ысырмалар мен крандар кран тораптарының астындағы іргетастар және малтатас-қиыршықтас алаңдар құрылымы; сору үйінділеріндегі дренажды құйғылар және лотоктар құрылымы; қи тазалау арналарын, кабельді науалар мен лотоктар құрылымы; жиналмалы темірбетоннан жасалған су жинағыш лотоктар төсеу; су бұру құбырларын жүргізу; гидравликалық және пневматикалық құбырларды сынау; сақтандырғыш, қабылдағыш, редукциялық клапандар орнату; сыртқы су құбыры, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау желілерінде ысырма және кері клапандар орнату; су өлшеу тораптарын орнату; өрт гидранттарын, су тарату колонкаларын, жол крандарын, вантуздар орнату; конденсат бактарын және жинағыштар орнату; жылдамдықты және сыйымдылықты су жылытқыштарды орнату; болат құбырдан жасалған бу және су бөліп тарату қырларын орнату; сумен жабдықтау құбырларын жүргізу; арқандарға немесе қапсырмаларға бекітілген кабельдер жүргізу; сымдарды ұзарту және жүргізу; кірме-тарату қондырғыларын орнату; бәсеңдеткіш трансформатор орнату; аралық, бұрыштық және анкерлік негіздерде фидерлер бекітпесін ілу; діңгекті және бағандық байланыс және радио тарату желілеріне сымдар ілу; болат құбырлардан жасалған құбыржолдарды жіктерді дәнекерлеп және тармақтар орнатып жүргізу; дайын бөлшектер мен түйіндерден тұратын фланец және дәнекерленген түйісулері бар болаттан жасалған құбырлар жүргізу; су-газ өткізгіш құбырлардан құбыржолдар, аммиакты және тұзды батареялар, құрғақ жағу жүйелерін, автоматтандыру жүйесін жүргізу; шахта оқпанында, су ағызатын қондырғыларда, гирокөтеру камераларында, пульпаайдау станцияларында болат құбырлардан жасалған құбыржолдар жүргізу; құбырларды төсеген кезде сүзгілер, су және май бөлгіштер, компенсаторлар, қайта түсіру құрылғыларын орнату; люктер мен кронштейндер орнатылған қондырма құрылғысы бар телефон құдықтары мен қораптары құрылымы; бәсеңдеткіштер табандарындағы алаңдарды жиналмалы темірбетон тақталарымен бекіту; радиомачталардың астына негіздер мен ағаш зәкірлер салу; радиомачталардың астына негіздер және бетон мен темірбетон зәкірлер салу; мачталарға арналған негіздер мен зәкірлер кешендерін салу; байланыс желілерінің болат тіреулерінің астына блокты немесе қадалық іргетастар салу; фидерлік желілердің және ағаш, темірбетон автобұғаттау желілерінің тіреулерін орнату; болат радиомачталар және радиомұнаралары тіреулерін орнату; байланыс желілерінің және өнеркәсіптік электр көлігінің темірбетоннан, ағаштан байланыс және радио тарату желілерінің тіреулерін орнату; асбестцемент құбырынан жасалған фидер желілерінің тіреулерін орнату; тіреулерге тартпалары, қосылыстары бар темірбетонды тақталар, ригельдер және анкерлер сүйемелдеуі, тірегі, тірекке орнату; байланыс желілері мен радио тарту желілерінің тіреулеріне ағаш немесе болат траверстер орнату және бекіту; тіреулерге металл тартпалар және тіреуіштер орнату; тіреулерге ағаш тіреуіштер мен қосылыстар орнату; қатты көлденең ендік, көпірлер және көлденеңі бар қарау бесіктерін орнату; ағаш, темірбетон және асбестцемент құбырлардан радиомачталар орнату; гидравликалық жапқыштар, байпастар, шамдар орнатылған болаттан жасалған құбырлар жүргізу; арнасыз құбырлар жүргізу; коррозияға қарсы, армокөбікбетон және битумды-перлитті оқшауланған арнасыз болат құбырларын жүргізу; қолданыстағы желілерде штруцерлер және үш көзді тетіктер ойып орнату, газ құбырларын ажырату және тығындау; тығын-сақиналарды жуу және орнату арқылы құбырлардың төзімділігін және герметикалығын сынау; жерасты коммуникациялары магистральдармен қиылысқан кезде оларды іліп қою; кірліктер және сүзгілер орнату; компенсаторлар орнату; болаттан құбырлардан жасалған ауа жинағыштар және ауа шығарғыштар және гидравликалық жапқыштар орнату; элеватор түйіндерін орнату; көрсеткіш аспаптар (манометрлер, термометрлер, дәреже көрсеткіштер, әуелік крандар) орнату; газ жандыратын құрылғылар орнату; фонарларды шығырларға орнату; сүзгілер, скрубберлер, циклондар орнату; ортадан сырттан тепкіш сорғылар орнату; су ағызу және су ағыту құйғыларын орнату; сыртқы инженерлік желілер мен коммуникацияларды монтаждау бойынша өзге де жұмыстар; 4) ішкі инженерлік желілер мен жабдықтар орнату жөніндегі жұмыстар: суды, газды және электрді есептеу құралдарын орнату; клапандар, жапқыштар, герметикалық есіктер мен люктерді орнату; тарату қораптарын, жабдықтардан сорғыларды, кранштейндер, тұғырлар және виброоқшаулағыш негіздердер орнату; найзағайдан қорғаудың контурлық және сәулелік жерлендіру бөлшектерін орнату; қолданыстағы желілерде штруцерлер және үш көзді тетіктер ойып орнату, газ құбырларын ажырату және тығындау; тығын-сақиналарды жуу және орнату арқылы құбырлардың төзімділігін және герметикалығын сынау; құбырларды гидравликалық және пневматикалық сынау; ішкі желілерде бұрандалар, ысырмалар, кері клапандар, крандар және араластырғыштар орнату; сақтандырғыш, қабылдағыш, редукциялық клапандар орнату; желілік ысырмалар мен крандардың тораптарын жинау және орнату; су өлшеуіш түйіндер орнату; су жылытқыштар және су қайнатқыштар орнату; жылдамдықты және сыйымдылықты су жылытқыштар орнату; болат құбырдан жасалған бу және су бөліп тарату қырларын орнату; ішкі инженерлік жүйелер мен жабдықтар салу; компенсаторлар орнату; болаттан құбырлардан жасалған ауа жинағыштар және ауа шығарғыштар және гидравликалық жапқыштар орнату; элеватор түйіндерін орнату; көрсеткіш аспаптар (манометрлер, термометрлер, дәреже көрсеткіштер, әуелік крандар) орнату; қатты және сұйық отындарда электр, газ, су жабдықтарын орнату; газ тақталарын орнату; газ жандыратын құрылғылар орнату; қысымды реттеуіштер орнату және редуциялау; сүзгілер, скрубберлер, циклондар орнату; калоферлер және ауа қыздырғыштарын орнату; желдеткіштер және желдету агрег